- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Байбек «Нұр Отан» партиясының 11 жаңа мүшесіне партия билетін табыс етті
Б. Байбек «Нұр Отан» партиясының 11 жаңа мүшесіне партия билетін табыс етті
«Партияға қабылдау рәсімі ерекше өтеді. Бүгін өзінің тәуелсіз шешімін қабылдаған, белгілі адамдар партия қатарына кіріп отыр. Біз үшін сіздерді партияға қабылдау үлкен мәртебе. Бүгінгі шара партияның 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуімен және Астана күні мерекесінің қарсаңында өткізілуімен ерекше. Партия көшбасшысы барлық нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуымызды міндеттеген. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығасыздар деген үміттемін!», – деді Бауыржан Байбек.
Салтанатты шара барысында Бауыржан Байбек партияға алғаш өтушілерді құттықтап, партияға өту адамның азаматтық ұстанымын көрсететін салмақты шешімнің нәтижесі екенін атап өтті.
Партия қатарына өткендердің саны 11. Оның ішінде белгілі сәулетші, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы, «Еуразия» бірінші арнасындағы сараптамалық бағдарламаның жүргізушісі Александр Трухачев, республикалық бірқатар айтыстардың жеңімпазы Біржан Байтуов, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС сату және ішкі экономикалық байланыстар жөніндегі директоры Андрей Титов, ҚР Президенті жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің 2013 жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен, Павлодар облысы ҚХА жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Элина Паули бар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының қатарында 875 мың адам бар. «Нұр Отан» партиясына салтанатты қабылдау бүгін республика бойынша өтуде.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты