- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Ұлттық музейі Ресей музейлерімен алғашқы меморандумын құрады
Қазақстанның Ұлттық музейі Ресей музейлерімен алғашқы меморандумын құрады
Ресей этнография музейі – Еуропадағы ең ірі этнографиялық музейлердің бірі. Оның қорында Еуразияның (бұрынғы Ресей империясының) 157 халқының мәдени мұралары бар.
«РОСИЗО» Мемлекеттік музей-көрме орталығы – мемлекет пен коммерциялық құрылыммдардың тапсырмасы бойынша көрме жобаларын дайындайтын және оны өткізетін көппрофильді ұйым. «РОСИЗО» көрмелері жеке жинақ негізінде де, музейаралық және дисциплинаралық ынтымақтастық негізінде де жасала береді.
«Қазақстан Республикасның Ұлттық музейі» РММ-нің хабарлауынша, жеті залға қойылған негізгі экспонаттардан бөлек Ұлттық музей әріптестірінің де көрмелері ашылатын болады. Атап айтар болсақ, оларды қатарында «Ұлы Жібек жолы мұрасы Орта Азия мен Кавказдың дәстүрлі текстилі» (Санкт-Петербург қаласы), «Орыс өнерінің 4 ғасыры» («РОСИЗО», Мәскеу қаласы), «Ұлттық дәстүрлер мен әлемге ашылу» (Қазақстан Республикасының суретшілер одағы), Қазақстан Республикасы қолөнершілерінің жәрмеңкесі, венгр суретшісі Джудит Покс пен ресей суретшісі Яна Волкованың жұмыстары бойынша «19-20 ғасырлардағы қазақтар» атты архивтік фотосурет көрмесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Баланованың «Сейхун толқындары» киіз киімдер топтамасы.
Сонымен қатар, бүгін үлкен конференция залында шетелдік қонақтар, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Мәдениетті жақындастырудағы музейлердің рөлі» атты халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмысын бастайды.
Жоспар бойынша музейді барлық аумағы бірнеше учаскіге бөлінеді – Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолының басып өткен импровизацияланған орта ғасырлық қалашықтар: Түркістан, Сауран, Испиджаб, Тараз, Сығанак, Ақмешіт, Отырар, Суяб. Суретшілер мен қолөнершілердің шеберлік сыныптары өткізіліп, қолданбалы-сән өнерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 2 шілдесінде Астана күніне орай Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ашылуына қатысқан еді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды