Қала күніне орай «Махаббатым Астана!» фестивалі өтеді

2 Шілде, 2014 18:43
Қала күні аясында «Махаббатым Астана!» мерекелік фестивалі Оқушылар сарайында өтеді.

Фестивальға «Астана құрдастары» раутының жеңімпаздары – мектепке дейінгі лагерлер, оқушылар сарайныың шығармашылық ұжымдарының балалары қатысады, деп ұйымдастыру медиа-штабында хабарлады.

Фестиваль аясында концерттік бағдарламалар, Оқушылар сарайының жазғы алаңында үлкен құтпарақ жасау жоспарланған.

Сондай-ақ оқушылар сарайының тәлімгерлері «Астана – әлемнің жаңа қаласы» театрландырылған кіріспесіне қатысып, мереке мен би ауанына енеді. 

Барлық жаңалықтар