«Айналайын Астанам - асқақ әнім!» концертіне балалар қатысады

2 Шілде, 2014 18:26
7 шілде Оқушылар сарайының орталық алаңында барлық балалар тұтастай бір ырғақта билейтін флэш-мобтан бастау алатын Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама өтеді.

Барлық шығармашылық алаңдардағы жұмыстарға Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері жұмылдырылады. Олар: сәндік-қолданбалы шығармашылық бөлімінің тәрбиеленушілер мен жас суретшілердің шығармашылық жұмысының көрмесі, брэйк-данс алаңы, спорт алаңы(каратэ годзю-рю, шахмат, баскетбол, футбол), концерттік бағдарлама, деп ұйымдастыру медиа-штабында хабарлады.

Астана күніне арналған «Айналайын Астанам - асқақ әнім» мерекелік концерттік бағдарламасына хор, жеке орындаушылар  мен вокалды топтар  домбыра, қобыз аспаптарының ұжымдары, Шолпан Қорганбекованың жетекшілігіндегі сырнайшылар өнері, хореографиялық ансамбльдер қатысады.

Оқушылар сарайының тәлімгерлері барлық нөмірлерді сүйікті қаласына арнайды. Шараға қатысушы қонақтар мен тұрғындарға спорттық ойындар, байқаулар  мен әсем ән тамаша көңіл-күй сыйламақ.  

Барлық жаңалықтар