- Басты
- Жаңалықтар
- Мемелекет басшысы Қазақстанның Ұлттық музейін ашты
Мемелекет басшысы Қазақстанның Ұлттық музейін ашты
«Музей біздің ұлттық рухымызды көтеру жағынан ғана емес, елімізді әлемге таныту тұрғысынан белгілі болады. Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі», - деді Мемлекет басшысы.
Ұлттық тарих музейi Орталық Азияда баламасы жоқ бiрегей жоба. 74 мың шаршы метрдi құрайтын аумақта Қазақстанның ежелгi дәуiрiнен бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихынан сыр шертетiн археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени жәдiгерлер жинақталған.
Музей бiрнеше залдарға бөлiнген: Астана, Тәуелсiз Қазақстан, алтын зал, ежелгi және орта ғасырлар тарихы, тарих, этнография, қазiргi заманғы өнер залдары.
Музейдiң көздеген басты мақсаттарының бiрi Қазақстанның мәдени мұрасын паш ету, Астана қаласын ұлттық және халықаралық мәдениет орталығы ретiнде дәрiптеу, ал Қазақстан Республикасын көне тарих пен бай мәдениетке ие қарқынды дамыған ел ретiнде насихаттау
«Музей халықаралық стандарттарға сай жабдықтармен жарақтандырылған. Экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: бірегей иілгіш экран, медиа-еден, қазіргі Астананың орталық бөлігінің серпінді макеті, көптеген медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарығы бар LED-техника, сенсорлы дүңгіршектер, мультимедиялық жолсерік қолданылады», - делінген таратылған мәліметтерде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесі Президенттің Жарлығымен 2013 жылғы 30 мамырда құрылған.
Камила Амирова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі