Көкшетауда құрама жем өндіретін зауыт іске қосылды

2 Шілде, 2014 17:44
Бүгін Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде Германияның жаңа технологиясымен жабдықталған,«Концерн AGRAVIS» зауытының құрылысы өткен жылы басталған еді.

Жобаның жалпы құны - 1 миллиард 200 миллион теңгеге бағаланған."Біздің «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ҚР Ұлттық қорынан 634 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қаржыландыру талаптары да жылдық көрсеткіші бойынша 6 пайыз ғана, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде құрама жем зауытына коммуникация жүйесі толығымен тартылды", - дейді "ҚазАгро" АҚ-ның жергілікті жердегі өкілдері.

Тағы бір ескере кететін жәйт, аталған зауыт AGRAVIS концерннің мал азығын дайындаудағы көпжылдық тәжірибесі ескеріліп, солардың технологиясы бойынша салынған.

 Өндіріс ошағынжа  өндірілген өнім  Ресейдің Омбы, Түмен облыстары мен көрші Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтары тұтынатын болады. Құрылыс басталғаннан бері 24 адам жұмыс атқарып жатыр. Толық қуаттылығына көшкен кезде 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады

 

Барлық жаңалықтар