- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Логистика индустрияландыру бағдарламасының негізіне айналуы керек
Н.Назарбаев: Логистика индустрияландыру бағдарламасының негізіне айналуы керек
«Логистика бойынша жұмысқа басымдық берілуі тиіс деп есептеймін. Біз Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистралін салып жатырмыз. 2015 жылға қарай оны аяқтаймыз. Үш құрғақ жүк терминалы салынып жатыр», - деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, ол автомобиль жолдарының маңызы зор екендігін де айта келіп, Бурабай-Астана жолын мысалға келтірді.
«Астана – Бурабай жолында батыспен салыстырғанда төлем өте аз. Бүгінде миллиард жиналды, бұл жолдардың сақталуын бюджетсіз толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Біз Павлодарға жол салып жатырмыз, келесі жылы Теміртау – Қарағанды жолын салып бітіреміз. Бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, еліміз үшін логистиканы дамытудың маңызы зор.
«Біздің кең байтақ Қазақстанымызды көліктік инфрақұрылымсыз дамыту мүмкін емес. Бұл ретте көлік атаулының ішінде темір жол шаруашылығына басымдық берілетіні сөзсіз. Осы себептен де біз ғасырлық маңызы зор жобалар «Жезқазған – Бейнеу» мен Маңғыстау облысында «Түркіменстан - Иран» темір жол желілерін жақын болашақта тәмемдайтын боламыз. Осы телімдер арқылы біз Парсы шығанағына шығуды жоспарлап отырмыз», - деді Президент.
Мадина Нұрбекова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева