- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда жаңа аудан пайда болды
Алматыда жаңа аудан пайда болды
«Қалаға соңғы кездері қосылған 23 200 га. аумақ барысында тұрғындар саны да артты, тек ресми мәлімет бойынша ғана 1 млн. 665 мың адамға жетіп отыр. Біз Қазақстан Президентіне қалада жаңа аудан құру туралы ұсыныс жіберген болатынбыз. Мемлекет басшысы біздің бастамамызды қолдады. Наурызбай ауданы қалаға көптеген игі істерді жүзеге асыруға ықпал ететін болады», - деді Ахметжан Есімов.
Наурызбай батыр есімін иеленген аудан аумағының жері 6 976 га. Оған Әуезов ауданының бір бөлігі қосылған. Ресми мәлімет бойынша аудан тұрғындарының саны 157 мың адам, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Қалалық Мәслихаттың шешімімен Наурызбай ауданының әкімі болып Қуаныш Қашқымбаев тағайындалды, ол бұған дейін Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасын басқарған.
Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов көпшілікке Наурызбай ауданының жаңа басшысын таныстырды. Қала басшысы қалаға жаңа аумақтардың қосылуы жөнінде бастама көтерген құқық қорғау құрылымдары екендігін, олардың Алматы облысында орын алған бірқатар терактілерге алаңдаушылық білдіргендіктерін жеткізді.
Қала әкімі жаңа ауданның пайда болуы қала аумағында жедел басқаруды қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жол ашатындығын айтты.
«Қалаға қосылған аумақты дамытуға 3,3 млрд. теңге бөлінді, оның 1 млрд. теңгесі жол салу мен оларды жөндеуге жұмсалатын болады. Үлкен жұмыстар күтіп тұр, оның барлығы қалалықтардың жақсы өмір сүруіне бағытталады», - деді Ахметжан Есімов.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары