• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің құрылысын бастауға рұқсат берді

Н. Назарбаев «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің құрылысын бастауға рұқсат берді

2 Шілде, 2014 13:51
Бүгін өңірлермен ұйымдастырылған телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр желілерінің құрылысын іске қосуға «онлайн» режимінде рұқсат берді.

Семей-Алматы учаскесінің бірінші тірегін орнату басталды, ұзындығы – 1500 км.

Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында қуаты 500 кВт үш негізгі станция мен 1500 км электр желісі пайдалануға беріледі.

Осы жобаның арқасында Солтүстік-Оңтүстік транзиті күшейтіліп, оңтүстік өңірдің электр энергиясына сұранысы қамтамасыз етіледі.

Мадина Нұрбекова 

Барлық жаңалықтар