• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрияландыру картасының 30-дан астам жобасы екінші бесжылдықта аяқталады – ИЖТМ

Индустрияландыру картасының 30-дан астам жобасы екінші бесжылдықта аяқталады – ИЖТМ

2 Шілде, 2014 13:26
Индустрияландыру картасының 30-дан астам жобасы екінші бесжылдықта аяқталады. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің есебінде мәлімдеді.

«Үкіметтің ерекше бақылауында 48 республикалық жоба жатыр. Индустрияландыру картасы жобалары тарапынан 3,2 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, экспорт құны  133 млрд теңгеге жетті. Ал экспорттағы дайын өнім үлесі 8% құрайды. Жаңадан 325 тауар түрі қосылды», - дейді.

Индустрияландыру картасы жобаларының өңдеуші өнеркәсіптерінің үштен біріне ие облыстар қатарында Маңғыстау - 37%, Ақмола - 35%, Қостанай - 24%.

«Бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша 15 жоба іске асырылады. Соның ішінде 10-ы жүзеге асырылған. Биылға қалғаны 5 жоба. Негізгі бөлімі 33 жобадан тұратын 42 млрд долларлық жобалар. Олар екінші бесылдыққа тиесілі», - дейді.

Министрдің айтуынша, бірінші бесжылдықта инвесторлар тартылып, заңнамалық базалар құрылды. Инфрақұрылым ретке келтірілді. «Биыл осы ірі жобалар тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 70 мың жұмыс орны ашылды. 1 трлн жеке инвестиция игеріледі».

Сонымен қатар,  орташа көрсеткішпен макроөңірлер: КО, Орта Азия, Кавказ, Батыс Қытай, Иран мен Ауғанстан деңгейіндегі сату нарығы анықталды. 

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар