• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҮИИД МБ-2 әр өңір үшін арнайы экономикалық мамандануды анықтайды – Е. Досаев

ҮИИД МБ-2 әр өңір үшін арнайы экономикалық мамандануды анықтайды – Е. Досаев

2 Шілде, 2014 13:18
ҮИИД МБ-2 әр өңір үшін арнайы экономикалық мамандануды анықтайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің есебінде.

«Сіздің алдында айтылған  мемлекеттік орган қызметін  жүйелендіру сынынан шыға отырып, 2015 жылдан бастап  өндірістік қуаттылық схемасы аймақтарды ұйымдастырудың бас жобасына 2030 жылға дейін енгізіледі», - деді ол.

Оның айтуынша, ҮИИД -20 бағдарламасы өңірлік жұмыс істеумен тікелей байланыстырылады.

«Әрбір аймақ үшін жеке экономикалық мамандану анықталатын болады. Ол жобалардың қайталануын жойып, ел бойынша өнеркәсіпті тиімді таратуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Жалпы, ол атап өткендей, аталмыш әрекеттер көзделген мақсатқа тиімді жетуге мүмкіндік береді.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар