• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Индустрияландыру картасы жаңа нысандарының таныстырылымы – 5 жылдың нәтижесі

Н.Назарбаев: Индустрияландыру картасы жаңа нысандарының таныстырылымы – 5 жылдың нәтижесі

2 Шілде, 2014 12:37
Индустрияландыру жаңа нысандарының таныстырылымы – 5 жылдың алдын ала нәтижесі, деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҮИИД МБ бойынша Үкіметтің есеп беру отырысында мәлімдеді.

«2014 жылы  үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 5 жылының аяқталуы. Кезекте екінші бесжылдық бағдарламаның жоспарын үкімет аяқтауға жақын. Бүгінгі таныстырылым екі есе маңызды. Бұл Үкімет жұмысының қорытындысы ғана  емес, әкімдердің де көрсеткіші», - деді Елбасы.

«2014 жылдың бірінші қорытындысы біз үшін өте маңызды. Бірінші бесжылдықтың нәтижесі Қазақстанның экономикалық өсімі қарқынды дамуда негізіне сүйенеді. Бұл әлемдік экономиканың қалпына келуі баяу жүріп жатқан шақта өте маңызды», - деді ол.

 Президент атап өткендей, нәтижелі қорытындыларға қарамастан бағдарламаның жүзеге асуы экономикалық өсімге аса әсер ете қойған жоқ.

«Өңдеу өнеркәсібінің өсімі баяулап қалды, оның сыртқы ЖІӨ салмағы 11,3 пайызға төмендеді», - деді Елбасы.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар