• Басты
  • Қазақстан логистикасы және теміржол инфрақұрылымы дамыған әлемдегі 40 елдің қатарына енуге ниетті
9 Қаңтар, 2013 00:00

Қазақстан логистикасы және теміржол инфрақұрылымы дамыған әлемдегі 40 елдің қатарына енуге ниетті

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 2020 жылға дейін Дүниежүзілік банктің рейтингіндегі Қазақстанның логистикалық даму индексін 86-дан 40-шы орынға дейін көтеру мақсатын көздеп отыр.

Қазақстан логистикасы және теміржол инфрақұрылымы дамыған әлемдегі 40 елдің қатарына енуге ниетті | Strategy2050.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен  «ҚТЖ ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.

Дүниежүзілік банктің логистиканы дамыту индексінің мақсатты мән-мағанасын ескере отырып, біз өзіміздің алдымызға 155 елдің ішінде 2020 жылы 40-шы орынға жету мақсатын қойдық. Ол үшін бізге орта мерзімді кезеңде, яғни 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-шы орыннан 50-шіге ауысуды қамтамасыз ету қажет», - деді А. Мамин.

Биылғы жылдың жоспарларына тоқталған ҚТЖ басшысы, жүк айналымы жылына 236,7 млрд. көлемінде жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар жолаушылар тасымалы айналымы 16 млрд. жолаушы-шақырымнан кем болмайды деп күтілуде. Бұдан бөлек кіріс 922 млрд. деңгейінде, таза табыс 125 млрд. теңгеден төмен болмайды деп болжануда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды