ЕХӘҚМ басшысы Тәжікстандағы әріптестерімен кездесті

2 Шілде, 2014 14:45
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Тамара Дүйсенова мен Тәжікстан Республикасының еңбек жән жұмыспен қамту министрі Сумангул Тагоевамен кездесуі өтті, деп хабарлайды ведомство.

С.Тагоеваның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан Тәжікстаннан келетін еңбек мигранттарын қабылдайтын маңыздылығы жағынан, Ресей Федерациясынан кейінгі (Тәжікстаннан шығатындардың 90 пайызы РФ-ға барады) екінші орындағы мемлекет болып табылады. Осыған орай Тәжікстан Үкіметі Қазақстандағы Тәжікстан Консулдығы жанынан еңбек миграциясы мәселесі бойынша арнайы бөлімше ашу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Министрдің айтуынша, бүгінде Тәжікстанда мамандарды ішкі және сыртқы нарыққа бейімдей отырып кәсіби-техникалық білім беруді дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР миграциялық заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасы жобасы туралы әріптесіне баяндап, кәсіби стандарттарды дайындау бойынша ведомства жұмысымен таныстырды. 

Барлық жаңалықтар