Жас астаналықтар қала күніне орай мерекелік бағдарламаға қатысады

2 Шілде, 2014 11:21
№1 балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері елорданың 16 жылдығына арналған мерекелік шараларға белсенді қатысып, өз шығармашылықтарымен бөліспек.

Оқушылар сарайында өтетін мерекелік шара барысында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен «Астана» қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Сонымен қатар, 4 шілдеде Оқушылар сарайының алдындағы алаңда «Махаббатым Астана» мерекелік бағдарламасы, 7 шілдеде «Айналайын Астанам, асқақ әнім» концерті өтеді. Ұйымдастырушылар дарынды балалардың өнерін тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтарын шақырады. 

 

Барлық жаңалықтар