• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының 3,5 мыңнан астам кәсіпкері «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтті

Қостанай облысының 3,5 мыңнан астам кәсіпкері «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтті

2 Шілде, 2014 10:34
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қаржылық емес құралы аясында Қостанай облысының 3,5 мыңнан астам бастауыш және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлері «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтті.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 1184 кәсіпкер 1700-ден аста сервистік қызметке ие болған.

Сонымен қатар, Назараев университетінің базасында жоғарғы және орта деңгейдегі 57 жетекші оқытылды.

«Іскерлік байланыс» бойынша бизнес-тренингтерге 83 кәсіпкер қатысып, соның ішінде  8-і Германиядан, 3-еуі АҚШ-тан іс-тәжірибеден өтетін болды.

Барлық жаңалықтар