- Басты
- Жаңалықтар
- Астана туралы 10 қызықты ақпар: Сейфуллин мұражайы
Астана туралы 10 қызықты ақпар: Сейфуллин мұражайы
Мұражай Есілдің оң жағалауында, қазіргі Астана қаласының көне қапталында С.Сейфуллин мен М.Әуезов көшелерінің қиылысында, ағаштан салынған ескі үйде орын тепкен. Мұражай жанына ақынның ескерткіші орнатылған.
Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен, мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас. Сейфуллин мұражайында кіре беріс зал есігіне қарама-қарсы қабырғаға кеңестік қуғын-сүргін құрбандарына арнап тоқылған кілем-гобелен ілінген.
Қабырғаны тұтастай алып тұрған бірегей полотноның орта тұсында Сәкеннің гипстен жасалған бедерлі бейнесі, етегінде гүл шоғыры бейнеленген. Кіре берістегі оң қанатта “Сәкен мен Ақмола” аталатын фотокөрме бүгінгі Астана өмірімен астасып, Елорданың ертеңгі болашағынан елес береді.
Сәкеннің туған жері — Қарашілік көрінісі, әке-шешесінің бейнелері, жастық шағы өткен, оқыған, білім алған елді мекендердің, Қараөткел мен Ақмоланың сол тұстағы көріністері бедерленген. Мұражайдағы мұрағат, құжаттар мен Сәкеннің қолжазбалары, тұтынған сиясауыты, қаламсаптары, кітаптар мен газет-журналдар, т.б. құнды жәдігерлер 6 залда көрініс тапқан.
Солардың ішінде кезіндегі мемлекет басшысы Л.Мирзоян сыйға тартқан жазу машинкасы ерекше көзге түседі. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің көзі тірісінде жарық көрген кітаптар топтамасы, фотосуреттері мұражай төрінен орын тепкен.
Мұражайда Сәкен төңірегіндегі тұлғаларға қатысты құжаттар мен жәдігерлер жиынтығы топтастырылған. Б.Майлин, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, т.б. қаламгерлерге байланысты деректер тізбегін, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, үкілі Ыбырай, Қажымұқанға қатысты мағлұматтарды табуға болады.
Индира Кауметова
Сурет http://seifullin.ru сайтынан алынды
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді