• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен РФ арасында мұнай жеткізу келісіміне енген өзгертулер ратификацияланды

Қазақстан мен РФ арасында мұнай жеткізу келісіміне енген өзгертулер ратификацияланды

1 Шілде, 2014 16:59
Мемлекет басшысы «2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар