• Басты
  • Қазақстан Адам даму индексінің жаһандық рейтингісінде 69-орында
8 Сәуір, 2013 00:00

Қазақстан Адам даму индексінің жаһандық рейтингісінде 69-орында

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ Даму бағдарламасының «Оңтүстіктің өрлеуі: алуан түрлі әлемдегі адами прогресс» атты ғаламдық баяндамасының аймақтық тұсаукесері өтті.
Қазақстан Адам даму индексінің жаһандық рейтингісінде 69-орында

Шараға Қазақстан мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың және БҰҰ жүйесі агенттіктерінің өкілдері қатысты.

Адам дамуы туралы жаһандық баяндама мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылы Қазақстан Адам даму индексінің рейтингісінде 69-ыншы орынға тұрақтады. 2011 жылы еліміз 68-інші орында тұрған болатын.  Бұның өзі аталмыш көрсеткіштегі Қазақстанның жоғары деңгейдегі елдер тобына жататынын білдіреді.

Ал жалпы баяндамаға келсек, онда аталған рейтингтегі жоғары топқа енетін көптеген елдерде 2000 жылдан бергі кезең үшін Адам даму индексі тұрақты өсіп отырғаны аталып өтіледі. Оның ішінде индексі жоғары топтағы елдер қатарындағы Алжир, Қазақстан, Иран, Венесуэла мен Куба 12 жылдық кезең ішінде индекстің анағұрлым жоғары өсімін қамтамасыз еткен. 1995-2012 жылдар арасында Адам даму индексіндегі Қазақстанның көрсеткіші 0,642-ден 0,754-ке дейін ұлғайған.

Ал БҰҰ ДБ сарапшыларының пікірінше, Қазақстанның Адам даму индексі  аймақтағы өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетіп отыр. Бұл орташа алғанда соңғы 10 жыл ішінде жылдық 1,1 пайыз көрсеткішті құрайды.

Жалпы осы индекс бойынша Орталық Азия елдеріне келсек, Түркіменстан - 102, Өзбекстан - 114, Қырғызстан мен Тәжікстан - 125 орындарда тұр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды