2015 жылы Павлодар қаласында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы аяқталады

1 Шілде, 2014 16:18
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ (бұдан әрі - «ҚИК» ИҰ» АҚ) Павлодар қаласында жалпы алаңы 9 457,92 шаршы метр болатын көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын қаржыландырады.

 Ағымдағы жылдағы мамыр айының басында Майра көшесінің бойында жалпы алаңы 9 457,92 шаршы метрлік, 180 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй  құрылысы басталды, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жоба «ҚИК» ИҰ» АҚ-ының «Кейін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында іске асырылады.

Жайлылығы төртінші сыныпты 9 қабатты тұрғын үйді қаржыландырудың жалпы сомасы  870 миллион теңгені құрайды.

Құрылысты 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. Пәтерлерді сатып алу объектіні пайдалануға бергеннен кейін іске асырылады.

 

Барлық жаңалықтар