- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК, фармацевтика және биотехнология саласындағы KazINNO жеңімпаздары жарияланды
АӨК, фармацевтика және биотехнология саласындағы KazINNO жеңімпаздары жарияланды
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Техникалық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ мен Қазақстанның жас кәсіпкерлер клубының ұйымдастыруымен өткен байқаудың ақтық сынында ең үздік 10 жоба шығарылды.
«Даму» КҚҚ ресми порталының хабарлауынша, биотехнология саласындағы байқаудың жеңімпазы ретінде энтомапатогенді микроорганизмдердің негізінде биопрепараттарды өндіруді ұйымдастыру бойынша Сержан Аманов танылды. Аталмыш жоба ауыл шаруашылығын зиянкестерден қорғауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар арзан және экологиялық таза у химикаттарының баламасын шығаруға жол ашады.
Ал Айдар Мадияровтың жануарларды бордақылау үшін қолданылатын жоғарғы тиімділікке ие жем-шөп қоспасы өндірісі жобасы байқауда үздік деп танылды. Жаңа бордақылау қоспасының тиімділігі полисахаридті пайдалану есебінен алынады. Олар Қазақстанның Солтүстік және Орталық өңірлерінде өсетін көпжылдық өсімдіктерден алынады.
Байқаудың үшінші ақтық сын иегері Айтбек Кәкімовтың жобасы танылды. Ол радиопротекторлық қасиетке ие сүт өнімдері жобасы. Жоба экологиялық ластанған аудандардағы ауыр металл мен радиация зардаптарынан шикізаттық сүтті сақтауға арналған.
Байқау жеңімпаздарын әлемдегі ең үздік акселераторлардың бірінде (Израиль, АҚШ) тәжірибеден өту күтіп тұр. Олар ол жерде өз жобаларын үздік мамандардың жетекшілігімен жетілдіріп, шетелдік әріптестермен жан-жақты байланыс құра алады. Сонымен қатар, әлеуетті шетелдік инвесторларға өз жобаларын ұсына алмақ.
Естеріңізге сала кетейік, байқау аясында республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам өтініш тіркелген. Қазақстандық және шетелдік мамандардан тұратын қазылар үш апта ішінде ең үздік деген жобаларды іріктеп шығарды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар