Елорда күні қарсаңында Алматыда тұңғыш түнгі велошеру өтеді

1 Шілде, 2014 15:48
4 шілде күні Алматыда елорда күніне арналған алғашқы түнгі велошеру ұйымдастырылады, шара 22.00-де басталмақ.

Шараның тәуліктің қараңғы уақытында ұйымдастырылатынын ескерген ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларды экипировканы жарықпен әрлеуге және жарықты шағылыстыратын киіс пен жолақтар тағуға шақырады. Сонымен қатар, стартта ұйымдастырушылар қатысушыларға жарқырайтын білезіктер таратпақ, деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігі.

Мәреде бірінші болып келгендерге ескерткіш сыйлықтар таратылып, ерекше түрде көліктерін сәндегендерге де сый-сыяпат көрсетілмек. 

Барлық жаңалықтар