- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда құрылыс нысандарын қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі – Б.Жәмішев
Қазақстанда құрылыс нысандарын қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі – Б.Жәмішев
«Депутаттардың бастамасымен заң жобасы дайындалды. Соған сай қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік қабылдау заңнамасын жаңадан қабылданатын құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік қабылдаудың жаңа тәртіптері алмастыратын болады. Қолданыстағы заң бойынша аталмыш құжатқа 20 жақтың қол қоюы керек, солардың көпшілігі нысанды қабылдар кезде ғана қол қояды», - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл жүйе ұжымдық жауапкершіліктің жоқтығынан хабар береді. Ал нысанды пайдалануға беруге дейінгі құрылыс барысына жауапкершілікті арқаламайды.
«Қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибелрге сүйене отырып жаңа жүйеге көшу қарастырылған. Оған сай нысанды пайдалануға беруде қызметкерлермен қамтамасыз ету жағы ескеріліп, оны техникалық және авторлық бақылау жөніндегі бас мердігер мен Өңірлік даму министрлігі және Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауына тапсырылмақ», - дейді министр.
Демек, әркім өзінің бөлімі бойынша, соның ішінде жеке-жеке аталмыш ұйымдардың ішінде құрылыстың жобалау талаптары бойынша салынған ғимараттың сәйкес келуіне жауап беретін болады.
Нысанды пайдалануға берудегі мемлекеттік қабылдаудың аталмыш тетігі әкімшілік кедергілерді азайтып, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.
Мадина Нұрбекова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды