- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күніне орай «Сахнадан сәлем» фестивалі ашылды
Астана күніне орай «Сахнадан сәлем» фестивалі ашылды
«Сахнадан сәлем» фествиалі Астанада екінші рет өткізіліп отыр. Оның ерекшелігі - фестиваль бірте-бірте халықаралық деңгейге шығып келеді. Біз елордаға отандық, шетелдік театр ұжымдарын да шақырдық. Биылғы шараға Астана қаласының қуыршақтар театры қатысады. Жалпы, аталған фестиваль жасына қарамастан кез-келген қала тұрғынына қызықты болмақ», - деді Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Болат Ұзақов.
Айта кетейік, театр өнері саласындағы мамандар қатысушыларға өз бағасын беретін болады. Атап айтқанда, театр және кино режиссері, веналық жазушы және драматург Егише Геворкян, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссері Әлімбек Оразбеков және өнертану кандидаты, театртанушы Амангелді Мұқанов.
Бұдан басқа, шараның алғашқы күні М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» қойылымының тұсаукесері өтеді. Ал М.Горький атындағы Академиялық орыс драма театры үшін фестиваль Л. Агулянскийдің «Торғайдың ұясы» спектаклімен ашылады.
Бүгін астаналықтар Халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылуынан кейін «Жастар» театрында көрсетілетін қойылымдарды тамашалап, керемет театр өнерінің әлемімен таныса алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жыл сайын дамып, географиясын кеңейтпек. Алдағы уақытта шараға қатысатын театр ұжымдары елордалық көрермендерге арнайы дайындалған бір тақырыптағы қойылымдарын ұсынуы мүмкін.
Индира Кауметова
Фото-Азамат Алиев
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті