- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: 2014 жылға қарсы тауар өндірушілер 10 мың тоннаға жуық ет экспорттайды
АШМ: 2014 жылға қарсы тауар өндірушілер 10 мың тоннаға жуық ет экспорттайды
1 Шілде, 2014 14:29
Қазақстан биылғы жылдың соңына дейін 10 мың тоннаға жуық ірі қара мал етін экспортқа жөнелтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Ірі қара мал етінің экпорттық әлеуетін арттыру жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жоба барлық облыстарда бірдей жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз. Мысалы, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш барлық аналық ірі қара малға шаққанда 35 пайыздан артық. Ал кейбір облыстарда бұл көрсеткіш төмен. Аудандар арасында да осындай рейтинг жасалды.Соңғы үш жылда фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі 12-ден 22 пайызға дейін өскен», - деді А.Мамытбеков.
«Бүгінде экспорт басталып кетті. Қазіргі кезге дейін 1350 мың тонна ет экспортқа жөнелтілді. Биылы жылдың соңына дейін 9700 тонна ет экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр. Тиісті облыстармен арнайы меморандумға қол қойдық», - деп қосты министр.
Мадина Нұрбекова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды