• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЭБЖМ 2016 жылға дейін ЕДБ-нің жұмыс істемей тұрған қарыз көлемін 10 пайызға жеткізеді

ЭБЖМ 2016 жылға дейін ЕДБ-нің жұмыс істемей тұрған қарыз көлемін 10 пайызға жеткізеді

1 Шілде, 2014 13:48
ЭБЖМ 2016 жылға қарсы ЕДБ жұмыс істемей тұрған қарыз көлемін 10 пайызға жеткізеді, бұл туралы ОКҚ баспасөз отырысында ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Банктердің экономикалық  қаржыландыруы үшін банк секторын сауықтыру шаралары қарастырылған. Жұмыс істемей тұрған портфельдің тең жартысы БТА банк үлесіне келіп тұрғандықтан, банктің активтерін тазарту қажет», - деді Е. Досаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің сенімсіз несиелерін алып тастау үшін банктерге арнайы стресс әкелетін активтермен жұмыс істеу тәртібі орнатылды.

«Жұмыс 2015 жылға дейін жалғасады. Банктің жаңа тәртіптерімен бірге 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші дәрежелі банктердің жұмыс істемейтін қарыздары 10 пайызға дейін қысқартылады», - деді ол.

 Камила Амирова

  

Барлық жаңалықтар