Н. Назарбаевқа ҮИИД МБ жүзеге асуы туралы есеп беріледі

1 Шілде, 2014 12:13
Ақорданың ресми порталында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды.

«2 шілдеде Үкіметтің елді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Оның аясында республикалық телекөпір өткізу жоспарлануда. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратын аралап көреді», - делінген хабарламада.

3 шілдеде  Президенттің Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатына қатысуы, сондай-ақ алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесі нысандарының құрылыс аумағына және елорданың бірқатар нысандарына баруы жоспарланған.

4 шілдеде Елбасы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік ту көтеру салтанатына қатысады. 

Барлық жаңалықтар