ИТП АЭА-ға жаңа басқару моделі енгізіледі – ИЖТМ

1 Шілде, 2014 12:46
ИЖТМ сингапурлық «JURONG Consultants»компаниясымен бірлесіп, арнайы экономикалық аймақтарды басқарудың жаңа моделін әзірлеуге және ендіруге кірісуде.

Жұмыстар «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА пилоттық жоба ретінде жүргізіледі, деп ведомствода хабарлады.

Басқарудың жаңа моделі басқару органының тиімді ұйымдастырушылық құрылымын енгізуді, ішкі бизнес-процестерді және өзара әрекеттесу рәсімдерін оңтайландыруды, жұмысты «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыруды қарастырады.

АЭА-ға инвесторларды тарту сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеріледі және нарықты егжей-тегжейлі талдауға, әлеуетті инвесторлардың мақсатты ортасын анықтауға, маркетингтік стратегия мен жоспарды әзірлеуге, «роуд-шоу» өткізуге және АЭА Басқарушы компаниясы қызметкерлерін оқытуға негізделетін болады..

Пилоттық АЭА жұмысының оң тәжірибесі болашақта Қазақстанның басқа АЭА-на енгізілетін болады. Бұл отандық АЭА инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды басқарудың халықаралық стандарттарының деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, «JURONG Consultants» компаниясымен бірлесіп, ҚР ИЖТМ-нің «KAZNEX INVEST» АҚ негізінде АЭА дамыту және ілгерілету бойынша бірыңғай корпоративтік орталық құру бойынша жұмыс жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар