- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимараты ашылады
Астанада ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа ғимараты ашылады
Жалпы, ведомствоның хабарлауынша, нысандар кешені 20 гектар жерге салынып, ондағы нысандардың ұзын саны 16-ны құрайды. Ал олардың ауданы 107185 шаршы метр. Соның ішінде тұрғын жай қорының ауданы 21020 шаршы метр.
«Бүгінге дейін ауданы 63 мың шаршы метр болатын нысандардың құрылысы аяқталды. Атап айтар болсақ, олар 5 оқу корпусы, әкімшілік корпус пен 306 пәтерлік жатақхана», - делінген хабарламада.
Әскери жаңа альма-матер кешенінде топтық және лекциялық аудиториялар, компьютерлік сыныптар, лингафон кабинеттері, конференц-зал мен 200 орындық кинозал бар.
Имитациялық модельдеу орталығы оқыту шараларын, виртуалды қарсыласпен күрес жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Университеттің кітапхана қоры ғылыми, оқыту, шығармашылық және құпия кітапханадан тұрады. Ондағы кітап қоры 75 мыңға дейін жетеді.
Университеттің жаңа ғимараты Астанадағы Назарбаев университетінің жанында орналасқан. Осылайша ғылым саласы мен маман дайындауда осынау екі білім ордасы арасында байланыс құру көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығына сай, Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университеті құрылысының инвестициялық жобасы 2008 жылдан бері жүргізілуде. Құрылыстың толықтай аяқталуы 2016 жылға жоспарланып отыр.
Фото ҚР Қорғаныс министрлігінен алынды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді