- Басты
- Жаңалықтар
- Астана туралы 10 тарихи дерек: Көпес Кубриннің үйі («Астана» дүкені)
Астана туралы 10 тарихи дерек: Көпес Кубриннің үйі («Астана» дүкені)
Қаланың ортасында орналасқан тарихи маңызы бар ғимараттар Астана қаласының мақтанышы. Қаладағы осы тарихи ғимараттарға тоқталып, сырына үңілсек көптеген қызықты мәліметтерге тап боламыз. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ жеріне қоныс аударып, өз кәсібін дөңгелетіп, қала тарихында айтарлықтай із қалдырып кеткен көпес Кубриннің үйі жайлы деректер Астана қаласының мұрағатында сақталған екен.
Кенесары мен Әуезов көшесі қиылысындағы ғимараттың да тарихи осы Василий Кубриннен басталады. Ақмоладағы кәсібін кеңейту үшін Василий Кубрин жиі-жиі Ресейге шығып тұратын. Бірде ол Петербургке барғанында әртіс қызды жолықтырады.
Қызға қатты ғашық болған Василий оны Ақмолаға алу кетуге бел буады. Қыз да Василийді ұнатқанымен алыстағы жаңа ғана бой көтеріп жатқан станцияға барғысы келмейді. Қыз үшін Петербургтегідей жағдай бәрінен де қымбат еді. Оның ішінде өзі тұрып жатқан салтантты үйі тіптен ерекше болатын. Василийдің Ақмоладан дәл осындай үй салып беретініне күмәнмен қарап, оған қиындау талап қоюды ұйғарады. Ол талабы Ақмоладан дәл осындай үй салдырту болатын. Егер осындай үй салып, жағдайымды жасасаң баруым мүмкін дейді.
Қаржыдан қысылмаған көпес Ресейден шеберлер ала келіп, Ақмоладан әртіс қыздың талап еткеніндей етіп, екі жылдың ішінде 1910-1912 жылдары осы үйді салдыртып шығады. Ауласына көпестің өзі ағаш егіп сәнін келтіреді. «Ресей» сақтандыру қоры» мекемесіне 1913 жылы 700 жылқы немесе 40 мың рубльге бағалап, сақтандырып та қояды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай