Көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

1 Шілде, 2014 09:01
Дәстүр бойынша қала күні қарсаңында Астана қаласының аудандық әкімдіктері батыр аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" табыс етеді.

Есіл ауданы әкімі аппараты 20 маусымда үш көп балалы ананы салтанатты түрде құттықтап, "Алтын алқамен" марапаттады.Өз кезегінде, Сарыарқа ауданының әкімдігі 4 анаға «Күміс алқа» табыс етті, марапаттау рәсімі бүгін өткізілді. Оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтардан басқа, Елорда күніне орайластырылған мерекелік шараларға билеттер мен Астана туралы кітаптар тарту етілді.

Алматы ауданы әкімінің аппараты 5 шілдеде батыр аналарды құттықтайды. Бұл күні қаламыздың 7 тұрғынын «Күміс алқамен», алтауын «Алтын алқамен» марапаттау салтанаты өтеді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Еске салайық, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» 1993 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бекітілді. «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. 

Барлық жаңалықтар