- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Комиссия отырысы тұңғыш рет кеңейтілген форматта, облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің онлайн-режім арқылы қатысуымен өтті. Отырысқа «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның азаматтық альянсының жетекшілері, «Транспаренси Интернешнл Қазақстан» ұйымының өкілдері шақырылды.
Білім жүйесіндегі, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі мәселелері қарастырылып, бұл бойынша министр А.Сәрінжіпов пен әкім А.Мұхамбетов есеп берді.
Комиссия Білім және ғылым министріне, сондай-ақ Ақтөбе облысының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырудағы кемшіліктерін атап көрсетіп, анықталған бұзушылықтарға жол берген адамдарға түбегейлі шаралар қолдануды ұсынды.
Қорытындылай келе, Мемлекеттік хатшы облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысында жіберілген кемшіліктердің біркелкілігіне және жалаңдықты жоюға, азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге аударды.
Комиссия Премьер-Министрдің Кеңсесіне бір ай ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жергілікті атқарушы органдар басшыларының жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдеріне мемлекеттік сатып алулар саласында ішкі аудит тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Ә.Жақсыбеков атап өткендей, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қараудың ережесі пысықталуда. Оларды бекіткеннен кейін Комиссия өңірлердің және орталық мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ахуалға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен қызметтік этика нормаларын сақтауға қатысты жұмыстарға деген дербес жауапкершіліктерін қарау жөнінде өзінің құзыреттерін белсене пайдалануға ықтиярлылық танытып отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары