- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясында мүгедектерді жұмыспен қамту проблемалары талқыланды
«Нұр Отан» партиясында мүгедектерді жұмыспен қамту проблемалары талқыланды
Сондай-ақ, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын төлқұжаттау, мүгедектердің еңбекке қабілеттілік өлшемдерін айқындау, инклюзивті білім беру, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету және түрлі бағытта кедергісіз орта жасау мәселелері талқыланды, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыс барысында мүгедектердің құқықтарын іске асыру жүйесі жетілдіруді қажет ететіндігі атап өтілді. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 600 мүгедектен алынған сауалнаманың деректері оған айғақ бола алады.
Атап айтсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп мүгедектіктің сипаты ескерілген, жұмыс шартының талабын әзірлеуі тиіс. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру барысында олардың денсаулық жағдайы мен жасы ескерілмейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүгедектер жұмысбастылығының бақылау жүйесін енгізу қажет. Көп жағдайда арнайы білім мен тәжірибені қажет ететін жұмысқа кәсіби білімі жоқ мүгедектерді қабылдап жатады (117 оқиға). Орта білімі ғана бар мүгедектер заңгер, мұғалім, инженер-электрик және тағы да басқа мамандық иелері ретінде тіркеліп кеткен.
Аймақтардан алынған мәлімет бойынша 2014 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 5 584 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты, олардың ішінде тұрақты жұмыс орны барлары 2 578 (46,2%). Мүгедектігі бар ең көп жұмысқа тұрғандардың саны Оңтүстік Қазақстан облысында - 891 (16,0%), Алматы - 810 (14,5%) және Павлодар облыстарында – 563 (10,5% ). Ең аз жұмыспен қамтылған мүгедектер Астана қаласы – 118 (2,1%), Ақмола облысы -120 (2,1%), Маңғыстау облысы – 135 (2,4%). Үшінші топтағы мүгедектердің арасында жұмысқа орналасқандар көп (76%).
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы