- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда күні – тек астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі –Ш. Өмірзақова
Елорда күні – тек астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі –Ш. Өмірзақова
«Мен Астанада алғаш рет осыдан 9 жыл бұрын болдым. Ол кезде Астананың астана болғанына 7 жыл толған еді. Ал екінші рет міне, биыл келіп отырмын. Осы уақыт аралығында Астана кісі танымастай өзгеріп кеткен. Алғаш келгенде Астана бір күн ішінде айналып шығардай ғана шағын қала болса, қазірде елордамыз айтулы әлемдік шаһарлар секілді кеңейе түскен. Жаңа көшелер мен ғимараттар қаланың көркіне көрік қосқан», - дейді ол.
Оның айтуынша, Астанадағы барлық ғимараттар бір-бірімен үндесіп, ерекше салтанат құрған.
«Барлық ғимараттар мен көшелер бірін бірі толықтырып, өзара керемет жарасым тапқан. Қаланың мұндай сәулетті салынуына айтарлықтай шеберліктің қажеттілігі анық. Қаланы аралай жүріп Оқушылар сарайы, Спорт сарайы сынды керемет орындарды тамашаладым. Тіпті ескі қаланың өзі ерекше құлпыра түскендей», - дейді ақтөбелік мейман.
Сонымен қатар, ұстаздың айтуынша, Елорда күні тек астаналықтардың ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандықтардың да айтулы мерекесі. Бұл мереке шығармашылық шабыт пен ерекше қуаныш сыйлайтын күндердің бірі.
«Біздің мемлекетіміздің саясатына сай тек қана Астанамыз ғана өркендеп қоймай, сонымен қатар Қазақстанымыз да әлемдік деңгейде беделге ие болуда. Біз де өз қаламызда елорда күнін атап өтеміз. Түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып, халықтық серуенге шығамыз», - дейді мектеп директоры.
Мадина Нұрбекова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары