- Басты
- Жаңалықтар
- Парламенттің үшінші сессиясында 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланды – Қ.Жақыпов
Парламенттің үшінші сессиясында 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланды – Қ.Жақыпов
«Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытынды сессиясында палата заманауи қатерлерге қарсы тұру мен елдің сыртқы саясатындағы басымдылықтарды заңнамамен қамтамасыз етуге жағдай жасады. Парламенттің үшінші сессиясынан бастап көпжақты және екіжақты сипаттағы 49 халықаралық келісім мен конвенция ратификацияланды», - деді Қабибулла Жақыпов
Оның айтуынша, сессия барысында Парламент депутаттары 13 халықаралық парламентаралық ұйымдардың қызметіне қатысып, топ жұмысы әлемнің 60 елінің парламентариясымен 300-ден астам халықаралық шараларымен әріптестік құрды.
Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңыздылығына тоқталды. 2013 жылы Қазақстан Президентінің бастамасымен қолға алынған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне 10 жыл болады.
«Осы уақыт аралығында Съезд халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне тартып, әлемдік діндердің жаһандық диалогының алаңына айнала білді. Съездің он жылдығына орай өткен жылдың қыркүйек айында Сенат «Астана дінаралық форумның рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды», - дейді.
Бүгінде келер жылғы қыркүйек айындағы Съез хатшылығының отырысына дайындық жүргізілуде. Қ.Жақыповтың айтуынша, бұл шара Қазақстанның әлем алдындағы беделін одан әрі арттыра түспек.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді