• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кәсіпкерлер Халық Банкі өкілдіктерінен ШОБ-ті қолдау бойынша кеңес ала алады

Кәсіпкерлер Халық Банкі өкілдіктерінен ШОБ-ті қолдау бойынша кеңес ала алады

30 Маусым, 2014 09:14
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Халық Банкі меморандумға қол қойды. Меморандум аясында банк менеджерлері өңірлердегі кәсіпкерлерге консультация бере алуы үшін, оларды бизнесті қолдаудың барлық мемлекеттік құралдарына оқыту туралы келісуге қол жеткізілді. Сонымен бірге мұндай көмек аудандар мен қалаларда бизнесмендерге тегін көрсетілетін болады, деп palata.kz хабарлады.

Халық банктің оқытылған қызметкерлері шағын және орта бизнес өкілдеріне болжалды қаржыландыру, салық салу, жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын дұрыс құрылымдау мәселелері бойынша сауатты кеңес бере алатын болады.

Менеджерлер бизнесмендерге сонымен қатар кәсіпкерлердің мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша ескеретін ең оңтайлы талаптарды ұсыну үшін, банк көрсететін қызметтер тізбесі туралы да айтып береді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Халық банкі сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қоры филиалдарының және басқа да бейіндік ұйымдардың қызметкерлері үшін семинарлар өткізу туралы келісті.

Барлық жаңалықтар