- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Жұмалиев: «Аймақ-2050» байқауының тәртібі жақын арада дайын болады
Г. Жұмалиев: «Аймақ-2050» байқауының тәртібі жақын арада дайын болады
«Қозғалыста мен құрылғаннан бері бармын. Меніңше, әр түрлі саладағы қызметкерлер қозғалыстың тыныс-тіршілігімен танысу керек, сондықтан да мен Данат Жұминнің ұсынысын қабылдадым. Бүгінде қызықты жобалардың бірі –«Аймақ-2050» жобасы. Бұл өте маңызды жоба, оған әр саладағы қызметкерлерді тарту керек. Себебі өз саласында өз өңірінде бар проблемаларды сол аймақтың тұрғындары жақсы біледі. Біздің мақсатымыз 30 дамыған елдің қатарына ену болғандықтан, барлық өңірдің жағдайын жасау қажет, - деді ол.
Оның айтуынша, жоба қазіргі таңда дайын. «Аймақ-2050» тәртіптері жақында әзір болады.
«Біз аймақтық комиссия мүшелерімен белсенді жұмыс істейміз, аймақтық командалар құру қажет, олар өз жобаларын қорғайтын болады. Біз олардың ішінен ең үздік дегендерін таңдап республикалық деңгейге шығарамыз», - деді ол.
Аталмыш жобаны құру Данат Жұминнің бастамасы екенін атап өтті ол.
«Біз қозғалыс белсенділері ретінде бұл жобаны қолдадық. Құрамалар 3 жүлделі орынға ие болады, деп жоспарлануда. Жеңімпаздар тек қымбат жүлделермен мараппаталып қана қоймай, Премьер-Министрмен таңғы ас ішеді», - деді ол.
Командалар 3-5 адамға дейін болады. Олар әр түрлі мамандық иелері болуы тиіс.
Мадина Нұрбекова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет