- Басты
- Жаңалықтар
- «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына 16 үздік отбасы қатысады
«Мерейлі отбасы» республикалық байқауына 16 үздік отбасы қатысады
«Байқауға қатысатын әр отбасының өз ерекшелігі бар. Өңірлерде жұмыс істеген комиссиялар үшін республикалық турға іріктеу жүргізу қиын болды», - деді комиссия төрағасы Махаббат Бекбосынова.
Байқаудың аймақтар мен облыстардағы жеңімпаздары қазылар алқасымен анықталды. «Астана қаласында Ахметовтар отбасы үздік атанды. Бұл теміржолшылар әулетінде 67 адам бар. Алматыда Жұмаевтар отбасы - альпинистер жеңіске жетті. Отағасы әлемнің 14 шыңын бағындырған екен. Ақмола облысында педагогтар әулеті топ жарды, олардың қызмет өтілі 300 жылдан асады», - дейді Махаббат Бекбосынова.
Ұлттық комиссия өкілдерінің атап өтуінше, байқаудың мақсаты - отбасы мәртебесін арттыру және нығайту, Мемлекет басшысы аталған қоғамдық институтты дамытуға және сақтауға ерекше назар аударады, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.
Биыл елордалық байқауға 44 отбасы қатысты, соның ішінде мұғалімдер, теміржолшылар, дәрігерлер, спортшылар және т.б. Әр әулет үшін «Мерейлі отбасы» байқауы оның жетістіктері мен табыстарының көрсеткіші. Қазіргі уақытта ұлттық байқаудың аудандық және облыстық, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалалары деңгейіндегі 2 кезеңі өткізілді. Жеңімпаз атанған 16 отбасы финалға өтті. Еліміздің үздік отбасы SMS және интернет дауыс берудің қорытындысы бойынша анықталады, ал жеңімпаздың есімі қыркүйек айында гранд-финалда барша Қазақстанға жарияланады.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады