- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауда барлық этномәдени ұйым жұмыс істеуі керек – А. Мұхамбетов
Қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауда барлық этномәдени ұйым жұмыс істеуі керек – А. Мұхамбетов
Сессияға облыстық, аудандық мәслихаттар хатшылары, депутаттар, облыстық басқармалар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, қоғамдық және жастар ұйымдарынан өкілдер қатысты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сессия жұмысын ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында айтылған мәселелерге тоқталды.
«Қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауда мемлекет қана емес, этномәдени ұйымдардың, азаматтық қоғамның, саяси партиялардың басшылары мен әрбір азаматтың жауапкершілігі мықты болуға тиіс. Өйткені қоғамдық келісімді сол қоғамның әрбір мүшесі қабылдап, қолдағанда ғана жүзеге асады. Біз — ашық елміз. Әлем елдерінде болып жатқан түрлі саяси оқиғалар көпұлтты Қазақстан үшін әсер етпеуі тиіс. Бүгінгі күн біздің бірлескен үйлесімділігімізді талап етеді. Сондықтан татулығымыз бен берекелі бірлігімізге нұқсан келтірмеу үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасауымыз қажет, — деді облыс әкімі.
Архимед Бегежанұлының айтуынша, көп ұлттың өкіліне мекен болған Ақтөбеде мемлекеттік этносаясатты жүргізу ісі де назардан тыс қалған емес. Бұл тұрғыда облыс ассамблеясының рөлі жылдан-жылға артып келеді.
Облыс әкімінің айтуынша, қазір облыста 19 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Олардың қай-қайсысына да жағдай жасалған. Эномәдени бірлестіктердің жұмысын нығайту мақсатында жеке кабинеттер мен би ұжымдарына арналған арнайы бөлмелер жабдықталып, қажетті техникалармен толықтай қамтамасыз етіліпті. Бұл бағыттағы жұмыстардың үйлестірушісі саналатын облыстағы екі Достық үйі ұжымының да атқарып отырған міндеті зор.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады