- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі қаржы қызметі туралы есепті қарады
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі қаржы қызметі туралы есепті қарады
Қордың ҚЕХС бойынша аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне таза кіріс 2013 жылдың қорытындылары бойынша 407,2 млрд. теңгені құрады. Отырыстың барысында 398,1 млрд. теңгені Қордың иелігінде қалдыру және 9,1 млрд. теңгені 2013 жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жіберу туралы шешім қабылданды, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, 2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қазақстан Үкіметінің пайдасына бөлуі 156,6 млрд.теңгені, оның ішінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер 9,1 млрд.теңгені құрады.
Отырыс барысында 2013 жылы Қордың компаниялар тобы шамамен 20 спорт федерациясы мен бірлестігіне, сондай-ақ 6 әлеуметтік маңызы бар жобаларға қолдау көрсеткені атап өтілді. Атап айтқанда, «Ерікті қайырымдылық қоғамы» қоғамдық қорының желісі арқылы әртүрлі қатты аурулары бар 363 баланың емделуін, аутист-балалардың ата-аналары үшін қолдау көрсету орталығының ашылуын, «Қазақстан жетім балаларсыз» жобасын қаржыландырды. Бұл ретте «Қасиетті жол» қорының желісі арқылы балалар үйіне сауықтыру жабдықтарын сатып алуға және орнатуға, мамандарды «балалар миының сал болуы» диагнозымен балаларды оңалтудың жаңа әдістемелерін оқытуға көмек көрсетілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы