• Басты
  • Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы заңына өзгертулер енгізеді
27 Маусым, 2014 17:08

Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы заңына өзгертулер енгізеді

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде шығармашылық одақтардың, құқық қорғау органдарының, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен авторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек стол өтті.
Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқығы заңына өзгертулер енгізеді

Кәбілдік және эфирге хабар тарату операторлары тарапынан авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуының өзекті мәселелерін, атап айтқанда кәбілдік және эфирге хабар тарату операторлары тарапынан авторларға, орындаушыларға немесе құқық иеленушілерге  сыйақы төлеу мәселелерін талқылау осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты болып табылады, деп           ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде хабарлады.

Құқықтық базаны тиімді пайдалану, авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және өзге де құқық иеленушілерінің мүдделері мен құқықтарын қорғаудың әлеуметтік маңыздылығын түсіну тек музыка нарығының қатысушылары үшін емес, барлық құқық иеленушілер мен авторлық және сабақтас құқықтарды пайдаланатын субъектілер үшін де өзекті және маңызды міндет болып табылады, сондай-ақ бүкіл әлемдегі құқық иеленушілер өздері жасаған туындыларды заңды пайдалану мәселесінде тап болатын көптеген өзекті мәселелерді шешуге кепіл болады.

Комитет төрағасы өзінің сөзінде зияткерлік меншіктің еліміздің экономикалық дамуындағы күннен күнге артып келетін рөлін айта келе, қатысушыларға авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы, соның ішінде  мүліктік құқытарды ұжымдық негізде басқару жүйесін жетілдіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Авторлар мен  құқық иеленушілер тиесілі сыйақыны алу құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, ол авторларды жаңа туындыларды шығаруға да ынталандырады. 

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдері өздерінің баяндамаларында олардың авторларға және өзге де құқық иеленушілеріне сыйақы жинау, бөлу және төлеу жөніндегі қызметі туралы айтты. 

Сондай-ақ, дөңгелек столдың жұмысына Ресей аумағында барлық орындаушылар мен фонограмма жасаушылардың, сондай-ақ халықаралық келісім-шарттарға сәйкес отандық орындаушылардың мүдделеріне шет елдерде өкілдік ететін «Бүкілресейлік зияткерлік меншік ұйымы» сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару қоғамы Бас директорының орынбасары Вальдес-Мартинес Эрик Раулевич қатысты.  Ол өз ұйымының әртістер мен фонограмма жасаушылардың пайдасына пайдаланушылар болып табылатын хабар тарату ұйымдарынан, көлік, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан, мәдени-ойын сауық  мекемелерінен, мейманханалардан, спорт объектілерінен және т.б. сыйақы жинау бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Дөңгелек столға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіре отырып, сыйақы төлеу мәселелерін талқылау қорытындылары бойынша авторлар мен орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың, сондай-ақ басқа да құқық иеленушілердің құқықтарын пайдаланудың барлық түрлеріне сыйақыны жинау  мен бөлу процесінің ашықтығы мен жариялылығы ғана пайдаланушылар мен құқық иеленушілердің ынтымақтастығына кепіл болатынын бір ауыздан қолдады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды