Қазақстан елордасы жаңа бейнеге ие болды – В. Юстус

27 Маусым, 2014 15:59
20 жыл ішінде Қазақстан елордасы жаңа бейне құрды, деп Сәтпаев қалалық мәслихатының депутаты В. Юстус есептейді.

«Ел Президентінің рөлі мемлекет құрылу жолында ерекше. Дұрыс таңдалған саяси бағыт – бұл экономикалық және әлеуметтік тұрақталған мемлекетті құру. Бүгін барлық әлем біздің елімізді қарқынды дамыған ел деп есептейді», - деді В. Юстус.

Ол атап өткендей, Астана – егемен Қазақстанның белсенді дамып келе жатқан елордасы.

«Бүгінде жаңа астанаға келуші туристердің саны өсуде. Тұңғыш рет қысқы спартакиада өтті. Бұл жерде келелі кездесулер мен конгресстер, ҚХА жиындары, саммиттер және өзге де шаралар жиі өтіп тұрады», - деді депутат. 

Барлық жаңалықтар