- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ-ның алқа отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары талқыланды
АШМ-ның алқа отырысында мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары талқыланды
Алқа отырысына облыс әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар мен республикалық палата өкілдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және оған бағынышты ұйымдарының өкілдері қатысты, деп ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлікпен мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекеттік қолдаудың бағыттарын кеңейту бойынша іс-шаралар қолдануда. Мәселен, қазір шаруалар техника мен құрылғыларды сатып алуға, бордақылау алаңдарын, құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, құрамаазық өндіру зауыттарын салуға жұмсаған инвестициялық шығындарын 50% субсидия алады. Жыл сайын субсидиялау көлемі артып келеді, сондай-ақ субсидия төлеу механизмдері жетілдіріліп, ауыл шаруашылығын басқару саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әкімшілік кедергілер жойылуда.
Алқа отырысында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және сүтті мал шаруашылығы салаларының жаңа несиелік өнімдері ұсынылды. Осыған сай, 2014 жылдан бастап «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алуды, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамытуды және жайылымдарды суландырудың инфрақұрылымы құрылысын несиелендіру бойынша жаңа үш бағытты жүзеге асыруын бастайды. Несие 14% жылдық мөлшермен (қарыздың мақсатты жаратуына байланысты 4%-дан 7%-ға жылдық мөлшермен субсидиялауды ескеріп) ҰММ аналық басын, жылқы мен асыл тұқымды өндірушелірді сатып алуға, айналымдық қаражаттарды толықтыруға беріледі.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша жануарларға бірдейлендіру жүргізуді жалғастыру бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын өнімділі мен экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін жоғарлату аясында тапсырмалар берілді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары