- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы журналистерге сыйлық пен гранттарды табыстады
ҚР Мемлекеттік хатшысы журналистерге сыйлық пен гранттарды табыстады
ҚР Мемлекеттік хатшысы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мереке - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, отандық журналистиканың басым міндеттерінің бірі ел басшылығы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыстыру, бірыңғай қазақстандық жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып саналатынын атап өтті.
«Отандық баспасөз жаңа белеске көтерілді. Журналистер елдегі экономикалық, демократиялық реформаларды жазып көрсетуде. Елімізде қалыптасқан татулық пен берекені ойдағыдай насихаттап келеді. Бұл істе сіздердің үлестеріңіз зор, ақпарат саласын дамытудағы еңбектеріңізді біз жоғары бағалаймыз», - деді Ә.Жақсыбеков.
«Қазақстандық БАҚ-тың сапасы мен кәсібилігін арттыруды ынталандыру үшін Мемлекет басшысының арнайы марапаттары тағайындалды. Біз оларды медиа-кеңістіктің үздік өкілдеріне тапсырамыз. Биылғы жылы ақшалай сыйлықтың жалпы қоры 7 млн 408 мың теңгені құрады. Президент сыйлығының лауреттары 2 млн теңге, грант иегерлері 1 млн 700 мың теңгеден артық алады», - деді Мемлекеттік хатшы.
«Жас Қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайыл мен «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараков Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болды. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің гранты «КТК» телеарнасының Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі Я.Красиенко мен «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Ж.Төлемісоваға бұйырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің арқасында «Айғақ» телерадиокомпанясының шығармашылық ұжымы, «Казконтент» АҚ, «Коре ильбо» газеті және Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық компаняисының ұлттық бөлімшесі жарияланды.
Сөз соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, сонымен қатар журналистік шеберліктерін шыңдай отырып елдегі маңызды ақпараттарды халықпен бөлісудегі еңбектеріне жеміс тіледі.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды