- Басты
- Жаңалықтар
- Сенімділік, жеделдік және өзектілік – BNews.kz-тің басты қағидасы
Сенімділік, жеделдік және өзектілік – BNews.kz-тің басты қағидасы
Бүгін BNews.kz ақпараттық агенттігі өз оқырмандарына тек құрғақ материалдарды ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар айтулы сарапшылардың пікірі, сапалы суреттер, арнайы бейне жұмыстарын да ұсынады. Күн сайын жаңалықтар лентасына үш тілде 300-500 аралығында ақпарат жарияланады. Қазақ тілімен қатар агенттік қазақ және орыс тілдерінде де жұмыс істейді.
Толыққанды қазақ редакциясы құрамында өз тілшілері, шығуршы редакторлары SEO және SMM-мамандары бар. Айта кету керек, Қазақстанда санаулы ғана ақпарат агенттігінің толыққанды қазақша қызметі бар. Соның бірі аталмыш агенттік.
Агенттік жұмысын бастағаннан сәл кейінірек ағылшын тілді редакциясы құрылды. Ондағы мақсат қазақстанда орын алып жатқан айтулы оқиғалар мен күнделікті жаңалықтардың халықаралық ақпарат кеңістігінде жариялануын қамтамасыз ету.
2012 жылы BNews.kz Алматы қаласында тілшілер қосынын ашты. Онда қазіргі таңда толық штат жасақталған. Атап айтар болсақ, шығарушы редактор, фотограф және қос бірдей тілші жұмыс істейді.
Сонымен қатар, елдің әрбір өңірінде ақпарат агенттігінің меншікті тілшілері қызмет етеді. Олар өңірдегі маңызды оқиғаларды агенттік арқылы жариялайды.
2013 жылы агенттіктің ТМД елдері ішінде өзіндік меншікті тілшілер желісін кеңейткенін айтпай кетуге болмас. Енді BNews.kz-те Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан журналистерімен тығыз жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде агенттіктің үздік халықаралық жаңалықтар қызметін көрсету мүмкіндігін арттыра түсті.
Сайттың бағы бір ерекшелігі сонда, агенттік Қазақстанның алдыңғы қатарлы саясаткерлерімен және мемлекеттік орган жетекшілерімен тұрақты түрде онлайн-конференция өткізіп тұрады. Сонымен қатар, шаралардан онлайн-көрсетілім де жасайды.
BNews.kz бүгінге дейін бірнеше рет республикалық сыйлықтар мен атақтарды алып үлгерді. Ондағы журналистер тұрақты түрде кәсіби байқауларға араласып, жиі-жиі жеңімпаз аталып жатады. Бұл дегеніңіз оқырмандар арасында агенттіктің бағасының жоғары екенінің көрсеткіші, сөзімізге дәлел болсын, өткен жылдың қорытындысы бойынша агенттікке шамаман 11 млн оқырман тіркелсе, соның 2,5 млн-ын ерекше атап өту қажет.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы