- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әскери ғылым мәселелері талқыланды
Астанада әскери ғылым мәселелері талқыланды
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың өкілдеріқатысты, деп қорғаныс министрлігінде талқылады.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров әрі қарай мемлекет қауіпсіздігін нығайту, қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру туралы Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында өткен тақылаудығ өзектілігін атап өтті.
Әскери ғылым саласындағы жүйелік «ақтаңдақтарды» атап көрсеткен Т.Мұхтаров ҚР ҚК ғылыми қызметінің тиімділігін арттырудың басым бағыттарының қатарында әскери және техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, ғылыми-эксперименталды база құру, отандық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін әзірлеуде технологиялық әлеуетті пайдалануды атады.
Талқылау барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов,ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев, «Назарбаев университетінің» студент істері жөніндегі департаментінің директоры Асқар Бекжанов, ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары Мұхтар Серікпаевтар әскери ғылымды дамыту мәселесіне деген өз көзқарастарын білдіріп, әскери ғылымды дамытудың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.
Атап айтқанда, қорғаныс пен қауіпсіздік саласында еліміздің барлық ресурстарын ауқымды интеграциялау үшін заңнамалық негіздер құру, мемлекеттің әскери саладағы ғылыми әлеуетін кеңінен пайдалану, әскери ғылымның азаматтық ғылым секторымен бірігу қажеттігі айтылды.
Талқылауға қатысушылар «Қорғаныс және қауіпсіздік» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әскери технологияларды енгізу өкілеттігі берілген ҚР ҚМ Әскери ғылым департаментін құру жөнінде» ұсыныстар жария етілді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері