- Басты
- Жаңалықтар
- Заманауи Астана туралы 10 ақпар: Елордада 36 субұрқақ кешені жұмыс істеп тұр (Фото)
Заманауи Астана туралы 10 ақпар: Елордада 36 субұрқақ кешені жұмыс істеп тұр (Фото)
«Астанадағы алғашқы субұрқақ 70-інші жылдардың ортасында салынған еді. Одан кейінгі субұрқақтар 80-інші жылдарда салынғаны анық. Атап айтар болсақ, олар «Жастар» сарайы мен Қазақ драма театры жанындағы субұрқақтар. Қазіргі таңда «Астана-Зеленстрой» АҚ кәсіпкерлігінің қызметінде 120 субұрқақтан тұратын 36 субұрқақ кешені жұмыс істеп тұр», - деп хабарлайды «Астана-Зеленстрой».
Қазіргі таңда елорданың сәніне сән қосып тұрған бірден бір нысандар ретінде аталмыш су бұрқақтарын атауға болады. Олар барынша заманауи құрылғылармен жарақтандырылып, өзгеше сәнделген. Олардың құрылысына соңғы жылдары әлемдік тәжірибелердің де пайдаланылғаны жасырын емес. Аталмыш нысандардың негізгі орналасқан жерлері Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ақорда, сулы-нулы бульвар, дөңгелек алаң, министрліктер үйі, цирк пен өзге де көрнекті орындар.
Кәсіпкерліктің мәліметінше, кез келген субұрқақтың салынуындағы басты мақсат Астанадағы аптап ыстықта тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлау және қала көркіне көрік қосу. Аталмыш нысандар үздік архитектуралық шеберлікпен көмкеріліп, түрлі материалдардың қолданылуымен салынған.
Сонымен қатар, заманауи субұрқақтар бағдарламалық қамтамасыз етулер арқылы басқарылып, субұрқақтың әуені мен түсіне, қозғалысының үйлесіміне жауап береді. Кез келген субұрқақтың құрылғысында судың белгілі бір тізбекпен атқылауы болып табылады.
Айта кету керек, әр субұрқақ дәстүрлі түрде қалада 1 мамыр күні іске қосылады.
Негізінен барлық субұрқақтар таңғы 8-00- де қосылып, түнгі 00-00-ге дейін жұмыс істейді. Тәулік ішінде олар екі рет техникалық үзіліс жасайды. Атап айтар болсақ олар 11-00 мен 12-00 аралығы және 16-00 мен 17-00 аралығында.
Камила Амирова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді