- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында Индустрияландыру картасына енгізілетін жобалар қаралды
Қарағанды облысында Индустрияландыру картасына енгізілетін жобалар қаралды
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индустрияландыру картасына енгізу үшін екі жоба ұсынылған. Олар «Қарағанды-нан» өндірісін кеңейту мен жаңғырту» және «Осакаровка ауданындағы «Табыс Агро Д» ЖШС асыл тұқым құру».
Жобаның біріншісінің жалпы құны 600 млн теңгеден асады. Қуаттылығы жылына 1800 тонна макарон және қатты бидай сұрыптарын шығаруға жетеді. Екінші жобаның құны шамамен 405 млн теңге көлемінде. Оның жобалық қуаттылығы 400 бас асыл тұқымды мал басы мен 25 тонна ет, ақшаға шаққандағы көрсеткіші 354 млн теңге. Қазіргі таңда мұнда 350 басқа арналған 4 мал шаруашылығы базасы құрылған және жұмыскерлерге арналған 40 екі пәтерлі үй салынған.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Kaz-metiz» ЖШС болат арқандар өндірісі жобасы мен «СП Оптим-кран Қазақстан» ЖШС дәнекер крандары өндірісі жобасы қаралды. Сонымен қатар, автожөндеу кәсіпкерлігіне күрделі жөндеу мен өзге де жобалар күн тәртібіне қойылды.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Балқаш пен Теміртаудың жобалары талқыланды. Соның ішінде «Тастемір» ЖШС асфальтбетон өндірісін жаңғырту мен «Метал-Инвест KZ» ЖШС станок паркін жаңғырту және «Ткачев» ЖК жүк тасымалына техника алу жайы қарастырылды.
Шарада Қарағандыда индустриялды аймақ құру мәселесі де ортаға тасталды. Атап айтар болсақ аталмыш істің қолға алынуы жаңа кәсіпкерліктерге коммуналдық инфрақұрылымдар шығынын оңтайландыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары