ЕАЭО бірлескен кәсіпорындарды құру үрдісін жеңілдетеді – кәсіпкер

26 Маусым, 2014 13:23
Еуразиялық экономикалық одақ аясында ресейлік, беларустық тараппен бірлескен кәсіпорындар құру жеңілдей түседі, деп Strategy2050kz. АА берген сұхбатында «Милка» ЖШС директоры Сергей Зиновьев мәлімдеді.

«Беларусь, Қазақстан, Ресей Кедендік одағымен салыстарғанда ЕАЭО құру экономикалық интеграцияның тереңдей түсуіне әкеледі: қазақстандық кәсіпкерлерге Ресей мен Беларусь нарығы ашылады. Сондай-ақ, бірыңғай тәртіптердің енуі тауар сапасын жақсартуға әкеледі», - деді ол.

« «Милка» ЖШС – тұрақты және бәсекеге қабілетті кәсіпорын. Жыл сайын еңбек сапасы мен қондырғылардың  заманауи пішінге жауап беретін күйге жеткізеді. Кәсіпорын арқасында біздің аймақта 3  шаруа қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, ЕАЭО аясында бірлескен кәсіпорындарды ашуға үлкен жеңілдік туады. Ол ішкі тауарларды сыртқа шығаруға септігін тигізеді», - деді С. Зиновьев. 

Барлық жаңалықтар