- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мырзахметов: 2030 жылға қарай ЖІӨ үлесіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40%-ға жеткізу қажет
А.Мырзахметов: 2030 жылға қарай ЖІӨ үлесіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40%-ға жеткізу қажет
«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарихында алғашқы съезіміздің өткені белгілі. 232 делегат сайланды, оның 50%-ы өңірлер мен Алматы, Астана қаласының өкілдері. Ал қалған жартысын аккредиттелген салалар мен салааралық республикалық қауымдастықтар ұсынған. Съезде жасалынған жұмыстар туралы басқарманың есебіне қатысты мәселелер талқыланды. ҰКП 1-інші съезі ұйымдастырушылық кезең жұмысын қорытындылады. Барлық органдар құрылған, білікті штаттар жиналған», - деді А.Мырзахметов.
А.Мырзахметовтың айтуынша, ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметтік емес тәуелсіз қоғамдық институт ретінде құрылған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет басшысының ден қоюымен Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру бойынша Үкіметтің құрылымдық әріптесіне айналды.
Сонымен қатар, съезде ҰКП алдағы үш жылдағы жұмыс жоспарлары құрылды.
«Съезге дейін барлық облыстарда кәсіпкерлердің конференциясы ұйымдастырылды. Біз әрбір өңір бойынша барлық кәсіпкерлердің тілек-арыздарын ескердік. Ескертулер ретке келтіріліп, ұлттық кәсіпкерлер палатасының алдағы жылдардағы жұмыстарына негіз болады», - дейді ол.
Жалпы, 2030 жылға қарай біз шағын және орта бизнес арқылы ЖІӨ-нің 40%-ын қамтамасыз етуіміз керек. Ол үшін жыл сайын ШОБ өсімін 7-8%-ға арттыруымыз керек дегенді айтты А.Мырзахметов.
Камила Амирова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы